What are you looking for?

Нариман Құрбанов Азия чемпионатында алтын алды

07.06.2025

Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында қазақстандық Нариман Құрбанов жеңіс тұғыран көрініп, алтын алды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Құрлықтық додада Нариман ат снарядындағы сайыста 14.933 ұпаймен жеңімпаз атанды.

Спортшы 1997 жылы дүниеге келген. 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері болды. 2023, 2024 жылғы Азия чемпионы болса, 2022 жылғы Азия ойындарында қола жүлде алды.

Сондай-ақ ел құрамасынан ат снарядындағы жаттығуда Ілияс Азизов (13.933 ұпай) үздік үштікті түйіндесе, Оңтүстік Корея өкілі Ван Хур (14.633 ұпай) екінші орынға жайғасты.

Ел құрамасы командалық көпсайыста үшінші орын алды. Құрлықтық додаға Қазақстан құрамасы тәжірибелі спортшыларды алып барды. Оған Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Тайбэй және басқа елдерден мықты гимнастшылар қатысты.

Social Link

Follow Me On Social Media