Себебі заводтан шыққан жылы ескі. Қазіргі таңда қалалық Экология және қоршаған орта басқармасы арнайы ұйымдарды тарта отырып, көлік шығарындыларын бақылау жұмыстарын күшейткен.
Алматыға кіріберістерде 19 экологиялық бекет бар. Олар тәулігіне 12 сағат жұмыс істейді. Мамандар бір жылда 200 мыңнан аса машинаны тексерген. Соның 34 мыңнан астамынан түтіннің нормадан көп бөлінетіні анықталды. Олардың иелеріне жалпы сомасы 581 млн теңгеден аса айыппұл салынды. Ал қала ішінен шықпайтын машиналарды жылжымалы экобекеттер бақылайды. Олар күніне орта есеппен 50-ден аса көлікті тексереді екен.
Қанат Сағынғалиев, экологиялық бекет жобасының жетекшісі:
- Ол көліктер – Алматыдан сырттан шықпайтын көліктер. Алматының ішінде жүретін көліктер. Содан кейін ол бекетке бармаған да, өтпеген да сол қаланың ішінде жүреді, ешқайда шықпайды. Сол қаланың ішін тазалау керек. Қаланың ішін тексеру керек.
Сондықткан экология мамандары қала ішіндегі көліктерді бақылауды күшейтпек. Ол үшін арнайы рейдтер ұйымдастырылып, көліктердің экологиялық нормасын жақсарту туралы кеңес беріледі.
Данияр Ғабдуллаев, көлік жүргізуші:
- Әркім шамасы жеткен мәшинеге мінеді ғой. Ол жағынан енді хабарым жоқ. Енді мүмкіндік болса, бәріміз жаңа машина мінгіміз келеді ғой. Жағдайға қарап қой бәрі.
Автосарапшы Эдуард Эдоковтың айутуынша, экологиялық бекет шаһардың ауасын жақсарта алмайды. Себебі Алматыда тәулігіне миллион көлік жүреді. Ал экобекеттер жылына 200 мың машинаны ғана тексере алады. Сондықтан қоғамдық көлікті дамыту керек деген пікірде.
Эдуард Эдоков, автосарапшы:
- Қаланың экологиясын жақсартуда қоғамдық көліктен тиімді әрі қолжетімді нәрсе әзірге жоқ деп ойлаймын. Одан кейін метроның да желілерін көбейту керек. Ал жеңіл көліктердің арасында гибридті немесе электрлі көліктердің санын арттыру керек.
Сарапшылардың мәліметінше, өткен 10 жылда ескі көліктердің үлесі айтарлықтай өскен. Бұған еліміздегі көлік бағасының қымбаттығы тікелей әсер етіп отыр.
Алмас Садуақас, Аршын Кемелжан, Кенже Амраев