What are you looking for?

Қапшағай су қоймасында қауіпсіздікке қатысты рейд жүргізілді

08.06.2025

Қапшағай су қоймасы аумағында Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті, Қонаев қаласының жедел-құтқару жасағы, көліктік бақылау инспекциясы, прокуратура және полиция қызметкерлері, сондай-ақ ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімінің (Ұзынағаш ауылы) әскери қызметшілерімен бірлескен үгіт-насихат және алдын алу шаралары өткізілді.

Іс-шара барысында демалушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері туралы ақпарат берілді. Бұл бастаманың негізгі мақсаты — жазғы шомылу маусымында азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қайғылы оқиғалардың алдын алу.

Рейд барысында судағы қауіпсіздік талаптарын бұзу фактілері анықталды. Нәтижесінде, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабы бойынша жалпы сомасы 206 864 теңгеге 15 әкімшілік хаттама толтырылды.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады:

Есіңізде болсын: суда қауіпсіздік ережелерін сақтау — өз өміріңіз бен жақындарыңыздың амандығының кепілі!, — делінген хабарламада.

Social Link

Follow Me On Social Media