Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының көлік министрі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Марат Кәрімжанұлы Қарабаевты Қазақстан Республикасының көлік министрі лауазымынан босатты.
Бұған дейін Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қызметінен кеткенін жазған едік. Оның орнына мемлекет басшысы Дәурен Қосановты Қорғаныс министрі қызметіне тағайындады.
Айта кету керек, жуырда мемлекет басшысы көлік министрі Марат Қарабаевқа жұмыс барысында жіберген кемшіліктері үшін сөгіс жариялаған болатын.