Өзбекстанда алаяқтықтың жаңа түрі белең алды. Умра қажылығын ұйымдастыруға лицензиясы жоқ бола тұра, елді алдап қыруар қаржысын алған туристік фирмалар көбейген.
Жуырда үш бірдей топтың қылмысы әшкере болды.
Ташкенттегі туристік фирмалардың бірі үш азаматты қажылық сапарына жұмыс визасымен жіберуге әрекеттенген. Ол үшін әрқайсысынан 7 мың АҚШ долларын талап еткен.
Мұнан бөлек Ферғана облысында туристік компанияның менеджері 5 тұрғынды Умра сапарына заңсыз жібермек болған. Қызметі үшін 17 мың АҚШ долларын алған, деп жазады qazaqstan.tv.
Ал Наманган қаласында тұратын азамат "Қажылыққа аттандырамын" деп әлеуметтік желіде жалған хабарландыру жариялап, 3 адамның сеніміне кірген.
Олардан жалпы сомасы 14 700 доллар алып жатқан жерінде ұсталды.
"Қажылық сапарды заңсыз ұйымдастыруға әрекеттенген туристік компания өкілдерінің әрекетіне тосқауыл қойылды. Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр." Санжар Раимов, ӨР ІІМ Ташкент қалалық басқармасының тергеушісі.