What are you looking for?

Павлодарда қыз ұзатуға барған қонақтар ауруханадан бір-ақ шықты

09.06.2025

15 адам ауруханада жатыр.

Өткен демалыс күндері Павлодарда улану белгілері бар 33 адам жедел жәрдем қызметіне жүгінді. Олардың арасында жүкті әйел мен бала да бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

26 ересек адам стационарға, ал бір бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Барлық науқасқа тағамнан улану диагнозы қойылды. Олардың жағдайы орташа ауырлық дәрежесі ретінде қарастырылады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 15 адамның ауруханаға жатқызылғанын, қалғаны амбулаториялық ем қабылдап жатқанын нақтылады.

"Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесіне науқастардың бәрі қаладағы бір мекемеде өткен іс-шарадан кейін бактериалды ішек инфекциясының белгілерімен жүгінген. Бүгінде олардың жағдайы орташа ауырлықта деп бағаланып отыр, интоксикация, диарея және қызу симптомдары байқалады", — деп хабарлады басқарма.

Зардап шеккендердің бірінің айтуынша, қыз ұзату тойынан кейін қонақтар көмекке жүгінген. Уланғандардың дені салат жеген.

Social Link

Follow Me On Social Media