2025 жылғы 10 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кездесу барысында Еуразиялық экономикалық одақтың ағымдағы қызметі мен одан әрі даму мәселелері талқыланды.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа 26-27 маусымда Минскіде өтетін IV Еуразиялық экономикалық форумға және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына дайындық барысы туралы баяндалды", – делінген Ақорданың хабарламасында.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің алдыңғы отырысы 2024 жылы желтоқсанда Ленинград облысында өткен болатын.