What are you looking for?

Еліміздің ірі қалаларында түнгі экспресс-маршруттар іске қосылады

10.06.2025

Туризм және спорт министрінің айтуынша, заңсыз такси қызметтері – елімізде кең таралған мәселе.

Қазақстанның ірі қалаларында туристердің жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында әуежайлар мен қала орталығы арасында түнгі экспресс-маршруттарды іске қосу жоспарланып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Халықаралық әуежайларда QR-код жүйесі енгізілді. Онда сенімді такси, қонақүйлер, электронды сим-карталар мен туристік нысандар туралы ақпарат көрсетіледі. Әкімдіктер бұл жұмысты тұрақты түрде қадағалап, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отыруы керек. Қажет болса, заң бұзушыларға қатысты жауапкершілікті күшейту мүмкіндігі де қарастырылуы қажет.

Ірі халықаралық қалалардағы секілді түнгі уақытта әуежайдан қала орталығына автобус қатынасы жоқ. Бұл мәселені шешу үшін Туризм және спорт министрлігі Үкіметке түнгі экспресс-маршруттарды іске қосуды ұсынды.

Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов елімізде туристердің жайлы әрі қауіпсіз болуын қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма берді.

"Қазақстан қашанда өзінің қонақжай қасиетімен танымал, сондықтан біз осы артықшылығымызды сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек", – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Атап айтқанда, туризм және спорт министрлігі цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, ұлттық туристік порталдың, eQonaq көші-қон сервисінің, такси қызметтерінің және туристерге арналған басқа да пайдалы ресурстардың функционалын кеңейту жұмысын жүргізуді тапсырды.

Ішкі істер, Төтенше жағдайлар, Денсаулық сақтау министрліктеріне туристердің қауіпсіздік шараларын күшейтіп, шетел азаматтары үшін көптілді жедел желіні енгізу мәселесін пысықтауы қажет. Барлық туристік локациялар көптілді ақпаратпен қамтылу мәселесін пысықтау тапсырылды.

Туризм министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, шетелдік туристердің Қазақстанда жайлы әрі қауіпсіз болуын қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін әзірлеу тапсырылды.

Social Link

Follow Me On Social Media