What are you looking for?

EURO-2026: Қазақстан Албаниядан басым түсті (ВИДЕО)

07.03.2025

Бүгін футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі бесінші ойынын Албанияға қарсы өткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кездесу барысында қазақстандық ойыншылар жылдам гол соғуға тырысты. Нәтижесінде Дамир Қайырбай 7-минутта есеп ашса, одан кейін Лео Жарагуа 8, 17-минутта екі мәрте мергендік танытты.

Екінші кезеңнің бастапқы уақытында албаниялық ойыншылар белсенділігі байқалды. Ойынның 24-минутында олар есеп айырмасын қысқартты.

Ал 26-минутта қазақстандық құраманың капитаны Шыңғыс Есенамановтың алыстан тепкен добы қақпа торында тулап жатты.

Ойынның 38-минутында албаниялық футзалшылар тағы бір мәрте гол соқты.

Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласынан 4:2 есебімен басым түсті.

Қазақстандық футболшылар алтыншы топта сынға түсіп жатыр. Қазір турнир кестесінде төрт турдан кейін он ұпаймен Армения бірінші орында тұр. Бес ойыннан кейін Қазақстанның ұпайы олармен теңесті.

Енді 8 наурызда Албания сырт алаңда Даниямен шеберлік байқасады.

Құрлықтық доданың финалдық сатысына тікелей берілетін жалғыз жолдама тағдыры 12 наурызда өтетін Армения және Қазақстан кездесуінде шешіледі.

Social Link

Follow Me On Social Media