Дональд Трамп Лос-Анжелеске 2 мыңға жуық сарбаз жөнелтпек.
АҚШ-тың мигранттарға қарсы саясаты жаппай тәртіпсіздікке әкелді, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Лос-Анжелес қаласында демонстраттар мен қарулы күштер қақтығысы бірнеше күннен бері тоқтар емес. Өртенген көліктер, Мексика туын желбіреткен азаматтар қудалауға қарамастан наразылық акциясын жалғастырып жатыр.
Шетелдік басылымдардың хабарлауынша, қазірдің өзінде ұсталған адам саны 100-ден асқан. Ал тәртіпсіздікті басу үшін АҚШ президенті Дональд Трамп Лос-Анжелеске 2 мыңға жуық сарбаз жөнелтпек.
Американың Федералдық тергеу бюросы көптің қарсылығына қарамастан рұқсатсыз жүрген шетел азаматтарына қарсы рейд жалғасады деп отыр.
"Жағдай жіті бақылауымызда. Қажет болса тиісті шара қабылданады. Біз полиция мен әскерилерді басынуға жол бермейміз. Мемлекетке және халқымызға қауіп төнетін болса заң мен тәртіпке сай әрекет етеміз. Жауапсыз қалмайды", – деді АҚШ президенті Дональд Трамп.