Мемлекет басшысының әлеуметтік инфрақұрылымды құру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Ақмола облысында екі денсаулық сақтау мекемесі – Аршалы ауданы Арнасай ауылында дәрігерлік амбулатория және Бұланды ауданы Алтынды ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Толығырақ ақпаратта.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2025 жылғы 11 маусымда таратқан ақпаратына сүйенсек, нысандар елге қайтарылған активтер есебінен салынған. Осы мақсатқа арнаулы мемлекеттік қордан 295 млн теңге бөлінді.
Аршалы ауданының Арнасай ауылындағы дәрігерлік амбулатория 2 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсетеді: Елток, Қойгелді, Бабатай стансалары және 42 разъезд.
450 м2 ғимарат бір ауысымда 45 келушіге арналған және ЭКГ аппаратын, дефибрилляторларды, физиотерапия және оңалту жабдықтарын қоса алғанда, заманауи жабдықтармен толық жабдықталған. Бұл ауыл тұрғындары үшін алғашқы медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Бұланды ауданы Алтынды ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт Алтынды, Алакөл, Жаңаталап, Елтай және Боярка ауылдарынан 1 мыңға жуық адамға медициналық қызмет көрсетуге арналған. Нысан заманауи жабдықтармен жабдықталған, бұл халыққа уақтылы және сапалы медициналық көмек көрсетеді.
Медициналық мекемелердің ашылуына ҚР Бас прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев пен Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қатысты.
Бұған дейін Қарағандыда сәбилерді таратқан және асырап алғандарға қатысты сот жүріп жатқандығын жазғанбыз.