Қарағанды облысының Ақтоғай ауылында жаңа шағын аудан бой көтерді. Алғашқы жаңа үйлерге тұрғындар қоныстана бастады. Жалпы Ақтоғай ауданы бойынша үй кезегінде 314 адам тұр. Шағын ауданнан бірінші кезекте апатты үйлердің тұрғындарына, әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы және жас отбасылар мен мүгедектегі бар жандарға баспана қарастырылған. Құрылыстың бас жоспары бойынша мұнда 300-ге жуық нысан бой көтереді. Бүгінгі таңда ауданға қарасты Сарышаған, Шашубай кенттерінде де жаңа үйлер салынып жатыр. Ал жалпы облыс бойынша биыл 5 мың пәтерді пайдалануға беру жоспарда бар.
Абылай Аманжолов Ақтоғай ауданының әкімі:
Біз былтырғы жылдан бастап осы Ақтоғайдың солтүстік шығаберісінде жаңа шағын ауданның құрылысын бастадық. Қазіргі таңда ол жерлерде инженерлік-инфрақұрылымдық жұмыстардың барлығы аяқталды. Биылдың өзінде осы Ақтоғайдың басында екі қабатты 12 пәтерлі бір үй және 14 жеке үйді пайдалануға береміз.
Жандос Бақытұлы