What are you looking for?

Лос-Анджелесте коменданттық сағат жарияланды

11.06.2025

Бес күннен бері жаппай наразылық пен тәртіпсіздік болып жатқан Лос-Анджелесте коменданттық сағат жарияланды .

Шектеуді қала мэрі Карен Басс енгізді. Енді кешкі сағат 8-ден таңғы 6-ға дейін көшеде бейсауат жүруге болмайды.

Бірақ бұл тыйым президент Дональд Трамптың мигранттарға қатысты саясатына қарсы бас көтергендерге еш әсер етпеді. Олар шеруді жалғастырып жатыр. Лос-Анджелес полиция департаменті "коменданттық сағат талабын бұзғандар жаппай қамауға алынады" деп ескертті. Сондай-ақ шеруге шыққандар арасында Палестина мен Мексиканың туларын ұстап алғандар бар. Осылайша олар Газа секторына және АҚШ-та босып жүрген мексикалықтарға қолдау білдіріп жүр.

Social Link

Follow Me On Social Media