2025 жылғы 11 маусымда Ақордада Қазақстанға ресми сапармен келген Словакия Премьер-Министрі Роберт Фицоны салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі .
Роберт Фицо Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке шақыруымен келді. Хаттамаға сәйкес, мәртебелі мейманды резиденцияның кіреберісінде мемлекет басшысы өзі қарсы алды.
Осыдан кейін салтанатты рәсімнің ресми бөлімі өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Роберт Фицо бір-бірін өз делегацияларының мүшелерімен таныстырды.
Құрмет қарауыл ротасының бастығы президенттерге құттықтау рапортын беріп, одан кейін екі елдің әнұрандары шырқалды.
Рәсімнен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Роберт Фицо келіссөздер өтетін бөлмеге бет алды.
Келіссөздер барысында Қазақстан Президенті мен Словакия үкіметінің басшысы Қазақстан-Словакия әріптестігін кеңейту перспективаларын талқылайды деп күтілуде.