Әлеуметтік желіде әскери қызметкерлер мен полицейлердің жастарды қызметтік көлікпен қуып жүргені түсірілген видео пайда болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Түркістан қаласындағы әскерге шақыру жасындағы жастарды осылай ұстап алып, әскери комиссариатқа апарып жатқаны хабарланды.
Желіде тараған видеодан бірнеше ер адамның егіс алқабынан жүгіріп өтіп бара жатқанын көруге болады. Ал оларды патрульдік көлік қуып барады. Соңында қашқан жігіттер ұсталып, көлікке отырғызылды.
Кейбір желі қолданушылары ел алдындағы борышын өтеуден бас тартқандар үшін жазаны қатайту керек деп пікір білдіріп жатыр. Енді бірі Қазақстанда келісім-шарттық әскер болуы керек және жастарды күштеп алып кетуге болмайды деп есептейді.