What are you looking for?

Алматыда екі есірткі зертханасы мен прекурсорлары бар ірі қойма тәркіленді

12.06.2025

15 келіден астам "мефедрон" психотропты заты тәркіленді .

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласындағы екі есірткі зертханасын анықтап, жойды, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, екі есірткі зертханасы мен прекурсорлары бар ірі қойма жасырын жұмыс істеп, есірткі өндірген.

"Тінту кезінде 15 келіден астам "мефедрон" психотропты заты мен 650 литр прекурсор, сонымен қатра есірткі заттарын дайындауға арналған зертханалық жабдық анықталып, тәркіленді", – делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз: 10,5 миллион теңге: Алматыда TikTok арқылы құмар ойындарын ұйымдастырғандар сотталды


Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.

Social Link

Follow Me On Social Media