Қазір тексеру амалдары жүріп жатыр.
Астанада жеңіл автокөлік жолаушылар автобусына соқты. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлайды.
Жол апатынан зардап шеккен жандар бар.
"Toyota маркалы автокөліктің жүргізушісі Республика даңғылы бойымен келе жатып, оңға бұрылу кезінде жолаушылар автобусымен соғысты. Жол апаты салдарынан автобустың екі жолаушысы жарақат алды. Жолаушылар медициналық көмек алып, кейін үйлеріне жіберілді", – делінген хабарламада.
Қазір тексеру амалдары жүріп жатыр.
Оқи отырыңыз: Астанадағы халықаралық әуежай маңында LRT-ның алғашқы вагоны көтерілді