What are you looking for?

«Келіннің сақинасына»: Мақпал Жүнісова Сәкеннің тойына қанша бергенін айтты (ВИДЕО)

12.06.2025

Танымал әнші Мақпал Жүнісова әріптесі Сәкен Майғазиевтің ұлының үйлену тойында қанша ақша сыйға тартқанын ашық айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сахнадағы әріптесін қуанышымен құттықтаған әнші тойда “шашу” ретінде 1000 АҚШ долларын табыстағанын мәлімдеді.

“Бүгін өте қуанышты күн болып жатыр. Екі жастың тойына біз де куәгер болып жатырмыз. Келіндеріңіз құтты болсын! Мен келіннің сақинасы деп 1000 долларды Сәкенге бердім. Айналайын, өзің таңдап аларсың”, – деді Мақпал Жүнісова.

Халық әртісі бұл тойға қызы Мереймен бірге барғанын, ол үшін де бұл ерекше сәт болғанын айтып өтті. Сонымен қатар, той үстінде Сәкен Майғазиевтің жары Динараның Мерейге сыйға тартқан гүл шоғын көрсетіп, қызына жүрекжарды тілегін білдірді.

“Мерейге осындай гүл шоқтарын Сәкеннің жары Динара апайы сыйлады. Бірінші рет тойға апарып тұрмын. Ылғи шақырады, Мерей ұялып бармайды. Осы жолы алып бардым. Саған жұғысты болсын деп, ырымдап алып бардым... Қыз деген жат жұрттық қой. Бірақ ерте ме, кеш пе, баратын жерлерің сол ғой. Осы жастар сияқты сен де бақытты болуға лайықсың, жаным”, – деді Мақпал Жүнісова.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)

Social Link

Follow Me On Social Media