Актриса, ағайынды Жүгінісовтердің анасы Айнұр Жүгінісова артық салмағы бар ер адамдар туралы сөз қозғады. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Семіз еркек әйелге ұқсай бастайды. Дәрігерлердің де зерттеуі бойынша әйелдік гармоны ояна бастайды екен. Ондай еркек көбіне майда болады. Әйелдердің жұмысына араласады. Әйелдердің ішкенін ішіп, кигенін киюге тырысады. Әйелдің ғана бастығы бола алады. Өйткені өзін білмеген еркек не істейді? Әйелін ғана бақылауда ұстай бастайды. Кезінде қазақтың батырлары, ер азаматтары кәдімгідей сыптай болған. Атқа мінген еркектк мінез-құлықты қалыптастыра бастаған. Еркектің жауапкершілігі өте ауқымды болған. Елің үшін, ата-анаң, жерің, әйелі, ұрпағы үшін еңбек еткен. Ал қазір біз тек ғана қара басынан аспайтын,тамақ ішуден аспайтын, дүниеге тама ішу үшін келген сияқты көрінеміз. Негізі сен өмір сүру үшін тамақ ішуің керек емес пе? Ер азаматтардың тамағын қазірден бастап аналар үйретуіміз керек. Ұлға, қызға деген жауапкершілкті қалыптастырып үйренуіміз керек», — дейді ол.
Желі қолданушылары кейінгі кездері кимешек киіп, ұлттық құндылықтарды насихаттаумен айналысып жүрген актрисаның бұл пікірімен келіспейтіндерін жазуда.
«Қайдам, артық салмата тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын. Өзімнің әкем ірі денелі, өте ақкөңіл жан», «Қайта арықтар бәле болады», «Адамның сырт келбетіне қарап осындай әңгіме айтуға бола ма, өте орынсыз», «Осылар отырып алып әңгіме айтуды қатырады, күнде бір жаңалық ашып жатыр», — деп жазды олар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Айнұр Жүгінісова (@ainur_zhugunussova)