What are you looking for?

Тоқаев Үндістан премьер-министріне көңіл айтты

12.06.2025

Қазақстан президенті Үндістан премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиге Ахмедабад қаласы әуежайының маңында болған жолаушылар ұшағы апатынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты.

Қазақстан президенті әуе апатынан қайтыс болған азаматтардың отбасылары мен жақындарын сабырға шақырып, жарақат алғандардың тезірек сауығып кетулеріне тілектестік білдірді.

Айта кету керек, Үндістан бортында 242 адам болған ұшақ апат болды. Алдын ала болжам бойынша, бортта бірқатар елдің адамдары болған.

Social Link

Follow Me On Social Media