What are you looking for?

Әйгілі «Meta» компаниясы алаяқтармен күресуге көмектеседі

12.06.2025

Цукерберктің «Meta» компаниясы Қазақстанда интернет алаяқтармен күресуге көмектеспек. Қазір Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлескен жобаны жүзеге асыру жөнінде келіссөздер жүріп жатыр.

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Елімізде жыл санап интернет алаяқтық белең алып келеді. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, былтыр 22 мың қазақстандық алаяқтардың құрбаны болған. Өкініштісі мұндай санаттағы қылмыстың бетін ашу қиынның -қиыны. Мәселен 2024 жылы айлакерлер жымқырған 45 млрд теңгенің 2,5 млрд теңгесі ғана қайтарылған. Бұл шығынның 10 пайызын да жаппайды.

Алаяқтардан сан соғып қалғандардың бірі Әлмахан Бекенова. Кәсіп ашқысы келген тараздық тұрғын желідегі блогердің мемлекеттік грант алуға көмектесіп, ісіңді дөңгелетіп беремін деген ұсынысына қызыққан. Әдемі жарнамаға еріп, барын беріп, енді тиын санап отыр.

Әлмахан Бекенова, Тараз қаласының тұрғыны:

Біз бірінші олардың қызметінің ақшасын толық төлеуіміз керек болатын. Біз келісіп олардың қызмет ақысын яғни, мемлекеттік грант бойынша 500 мың теңге, одан кейін 6 пайызбен грант бойынша 300 мың теңгемізді береміз. Одан кейін олар жауапсыз кетті. Не грант жоқ, не кредит жоқ.

Мемлекеттік гарнтты оңай жолмен алғысы келгендер блогерге 800 мың мен 1,5 млн теңге арасында ақша төлеген. Алматы қаласы Полиция департаментінің дерегінше 40-тан астам отбасыны тақырға отырғызған блогер сотталып, қазір үй қамақа отыр. Осы орайда құқық қорғаушылар тұрғындарға ескерту жасады.

Айдар Қонысбек, Астана қаласы ПД Киберқылмысқа карсы күрес басқармасының аға жәдел уәкілі:

Қазіргі таңда цифрландыру заманына сай, барлығы онлайн сол себепті ең бастысы тауарларды сатып алу кезінде, хабарландыру платформалары дейміз, әлеуметтік желілерде тауарларды сатып алу кезінде ең бастысы тауарлың барына көз жеткізу керек. Сол себепті, белгісіз күмән туғызатын сілтемелерге өтпеуді талап етеміз.

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Цифрлық технология дамып, жасанды интеллекттің дәуірі туған шақта алаяқтардың да қолы ұзара түсті. Мәселен кез келген адамның бет-бейнесін қолданып, мынадай контент жасап, қалаған нәрсеңізді оп-оңай жарнамалай алсыз. Айтпақшы, мына видеоны біз инстаграм желісінен таптық.

Қылмыстың бұл түріне қарсы кешенді күрес шаралары қажет. Мәдениет және ақпарат министрлігі Цукерберктің Meta компаниясымен бірігіп, инстаграм, фейсбук, тредз әлеуметтік желілерінде мониторинг жүргізіп, жалған жарнамаларды бұғаттап, алаяқтықтың жолын кесуге кірісті.

Қайнар Ахетов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің департамент директоры:

Meta платформасына өзінің автоматтандырылған жүйесіне бізге қолжетімділікке рұқсат берді. Жүйе арқылы анықталған материалдар, сол Meta-ға жолданып отырады. Нәтижесінде олар тез арада сол анықталған материлдарды жоюға міндеттеме алды. Қазіргі жылдың басынан берімен қарай 1500-ға жуық осындай жалған, яғни алаяқтық жарнамаларға біз жою туралы біздің тарапымыздан Meta өкілдеріне хабарлама жіберілді.

Сондай-ақ енді 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желідегі әрекетін онлайн бақылау шаралары қолға алынды. Олардың кімге тіркеліп, кіммен сөйлескені және қандай контент көргені де жіті қадағаланбақ. Бұл — Цифрлық даму министрлігі мен Meta компаниясының өзара келісімінің нәтижесі.

Нұрсұлтан Тілектес

Social Link

Follow Me On Social Media