Нысана көздеуден Қазақстан құрамасының өкілі Софья Шульженко Германияның Мюнхен қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңіндегі финалға қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Спортшы 50 метр қашықтыққа кіші калибрлі мылтықпен үш қалыпта ату бағдарламасы бойынша іріктеу кезеңінен сәтті өтті.
Финалда Шульженко 404.7 ұпай жинап, жалпы есепте сегізінші орынды иеленді.
Аталған бағдарламада 466.9 ұпай жинаған Норвегия өкілі Жанетт Дуэстад жеңіске жетті. Күміс жүлде Швейцария спортшысы Эмили Йеггиге бұйырды – 464.8 ұпай. Ал Үндістаннан барған Каур Сифт Самра 453.1 ұпаймен қола медаль жеңіп алды.