Әлемдік ядролық энергетика саласындағы үздік компания Қазақстандағы атом электр станциясының құрылысын қадағалайды .
Ұйым техникалық кеңесші мәртебесіне ие болды. Жобалаудан бастап, құрылыс сатысына дейінгі жұмыстарға Assystem мамандары атсалысады. Компания БАӘ, Сауд Арабиясы, Түркия сынды елдерде өз жобаларын табысты жүзеге асырған. Сондай-ақ Франция мен Ұлыбританияда Ұлттық атом бағдарламасына жетекшілік етті. Assystem Group Бас директорының орынбасары Стефан Обарбье ынтымақтастыққа ризашылығын білдіріп, Қазақстандағы атом электр станциясы әлемдік стандарттарға сай, қауіпсіз әрі тиімді болуына назар аударылатынын жеткізді.