What are you looking for?

«Ұлтабар ханыммын»: Ерке Есмахан жаңа статуста сәлем салды (ФОТО)

12.06.2025

Үшінші ұлын дүниеге әкелген әнші Ерке Есмахан өзін жаңаша атап, әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарына сәлем берді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол жүкті кезіндегі суретін жүктеп, "Ұлтабар ханымнан қазақ еліне жалынды сәлем", деп жазды әнші.

Естеріңізге сала кетсек, Ерке Есмахан 40 жасында үшінші сәбиін босанды. Қуанышты жаңалықты желіде жұбайы RaiM жазды. Ол нәрестемен түскен суретін жариялаған еді.

Instagram желісінде жарияланған фотодан RaiM жаңа туған сәбиінің қолынан сүйіп отырғанын байқауға болады.

"Аль-Ха́мду ли-Ллях, қош келдің, ұлым!

Райымбек Батыр!", - деп жазды ол фото сипаттамасына.

Social Link

Follow Me On Social Media