Америкалық Boeing бірлестігінің акциялары 8% арзандады . Үндістандағы ұшақ апатынан кейін инвесторлар арасында дүрбелең басталды. Салдарынан компания құнды қағаздарының бағасы 197 долларға дейін түсті. Мұндай құлдырау кейінгі бір жылда тіркелген емес.
Сарапшылар: «Апат кезінде Boeing-787 әуе көлігінің қозғалтқыштары істен шықты», – дейді. Бұл оларды шығаратын General Electric компаниясының атына да нұқсан келтірді. Оның акциялары 5,5% төмендеді.
Кеше Ахмедабад қаласынан Лондонға бет алған Boeing-787 әуе көлігі жерден көкке көтеріле алмай, бірер секунд ішінде медициналық колледж жатақханасының үстіне құлап, 290-нан аса адам опат болды.
Related items