Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха және Мединаға рейстер Иран мен Ирак әуе кеңістігін айланып ұшады.
Қазақстаннан ұшқан ұшақтар Иран мен Ирак әуе кеңістігі айналып өтеді, деп хабарлады Air Astana.
Air Astana тобы Иран мен Ирак әуе кеңістігінің жабылуына байланысты кейбір Air Astana және FlyArystan тұрақты және чартерлік рейстерінің бағытындағы өзгерістер туралы жолаушыларды хабардар етеді.
Air Astana жағдайды мұқият бақылауда ұстап, өзгерістер туралы хабардар ететінін айтты.
Оқи отырыңыз: Жаңбыр, жел, аптап ыстық: Қазақстанда 13 маусымда ауа райы қандай болады
"Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха және Мединаға рейстер Иран мен Ирак әуе кеңістігін айланып ұшады. Жолаушылардан рейстердің мәртебесін тексеруді сұраймыз, себебі рейстердің кестесінде өзгертулер болуы мүмкін", – делінген хабарламада.