What are you looking for?

Иран Израиль астанасына зымырандармен қайтарым соққысын жасады

14.06.2025

Иран Израильге қарсы зымыран шабуылын жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы .

Израиль армиясы Ираннан тарапынан тағы бір зымыран шабуылы болғанын хабарлады.Тегеран бұл операцияны "Қатаң жаза" деп атады. БАҚ деректеріне сүйенсек, Ислам революциясы сақшылар корпусы (ИРСК) шамамен 200 баллистикалық зымыран атқан.

Израиль дереккөздерінің мәліметінше, алғашқы толқында атылған 100 баллистикалық зымыранның 50-ін қағып түсіру мүмкін болған, бірақ "Темір күмбез" қорғаныс жүйесі зымырандардың жалпы легін тоқтата алмады. Елдің орталық бөлігіндегі жеті аймақта жарылыстар тіркелді.

IRNA агенттігі бірнеше зымыран Израильдің Ұлттық қауіпсіздік министрлігінің ғимаратына түскенін хабарлады. ИРСК ресми түрде соққылар Израиль аумағындағы ондаған әскери нысандар мен әуе базаларға бағытталғанын мәлімдеді.

Social Link

Follow Me On Social Media