What are you looking for?

Иран мен АҚШ арасында келіссөз өтпейтін болды

14.06.2025

Иран АҚШ-пен келіссөздерді Израиль соққылары тоқтамайынша жүргізбейді. Бұл туралы Пезешкиян Макронға мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

ВВС-дің жазуынша, Иран президенті Масуд Пезешкиян мен Франция президенті Эмманюэль Макрон телефон арқылы сөйлескен. Әңгіме барысында Макрон Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуына жол бермеу үшін Иранды «барынша сабырлық танытуға» шақырып, ядролық бағдарламаға қатысты АҚШ-пен келіссөздерді қайта бастау қажеттігін айтты.

Алайда Пезешкиян Иранға қарсы Израильдің әскери соққылары жалғасып жатқанда ешқандай келіссөз болмайтынын кесіп айтты.

Айта кетейік, жексенбіге жоспарланған Иран мен АҚШ арасындағы келіссөздердің кезекті раунды (Оман арағайындығымен) сенбі күні ресми түрде тоқтатылғаны белгілі болды.

Social Link

Follow Me On Social Media