What are you looking for?

Алматы облысындағы өткелде жүк пойызы жол талғамайтын көлікті соқты

15.06.2025

Қазақстанда теміржол бойында көлік құралдарының қатысуымен тағы бір жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жолы жол апатына Toyota Land Cruiser көлігінің жүргізушісі себепкер болды. Ол Алматы облысындағы теміржол өткеліне шығып кеткен. Оқиға 2025 жылдың 15 маусым күні таңертең болған.

"Реттелетін теміржол өткелінде (Жетіжген – Алтынкөл учаскесіндегі Жінішке су – Шелек аралығы) автокөлік жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзып, жүк пойызымен соқтығысқан", – деп мәлімдеді ҚТЖ баспасөз қызметі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от СМИ zakon.kz (@zakon.kz)

Қаза тапқандар жоқ. Жол талғамайтын көліктің жүргізушісі қолын сындырып, жарақат алған. Пойыз қозғалысы 30 минутқа кешігіп, қайта қалпына келтірілді.

ҚТЖ өкілдері 2025 жылдың басынан бері теміржол өткелдерінде 23 жол апаты тіркелгенін еске салды. Олардың негізгі себебі – автокөлік жүргізушілерінің жол ережесін сақтамауы.

Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысындағы теміржол өткелінде автобус пойыздың жолына шығып кетіп, жолаушылар пойызымен соқтығыса жаздағанын хабарлаған едік.

Social Link

Follow Me On Social Media