Франция астанасы Парижде француздың әйгілі жаттықтырушысы Давид Херанның құрметіне арналған самбодан халықаралық турнир өз мәресіне жетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Дүбірлі додада қазақстандық спортшылар жоғары нәтиже көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғай білді. Отандастарымыз 3 алтын және 1 күміс медаль жеңіп алды! Атап айтқанда, Нұрбол Серіков, Қонысбай Махамбет пен Арайлым Әбенова қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанса, Нұржан Жұмажан күміс жүлдені қанағат тұтты.