What are you looking for?

«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі аяқталды

15.06.2025

Катонқарағай ауданындағы «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі аяқталды

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі мәресіне жетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Салтанатты іс-шараға аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов қатысып, фестивальдің маңыздылығына тоқталып өтті.

Фестиваль мәдениеттердің жақындасып, тіл табысуына негіз болды. Ол бірлік рухымен, әуенімен, жарықпен және жылулыққа толы болды. Бұл шара қатысушылардың және көрермендердің жүректерінде терең із қалдырып, халқымыздың рухани мұрасын сақтау және дамыту жолындағы бастамаларына серпіліс береді, — деді облыс әкімі.

Шоу-фестиваль аясындағы бағдарламада этноансамбльдердің көрсетілімі болды, Қазақстанның әр аймағынан және әлемнің 11 мемлекетінен келген эстрада жұлдыздары көрермендерге көтеріңді көңіл-күй мен мереке атмосферасын сыйлады.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, қонақтар түркі әлемінің байлығы мен әралуандығын көрсететін бірегей музыкалық туындыларды тыңдады. Эпостық әуендердің қатарындағы «Очи Бала» (орындаушы — Болот Байрышев, Ресей Федерациясының Алтай Республикасынан), «Домбыра» (Архан Уйғу, Ресей Федерациясының Саха Республикасынан), «Осы музыка ұнайды» (Ернар Садырбаев) және «МузАрт» тобы орындаған «Ұлы Дала» әні фестиваль сәніне айналды.

Social Link

Follow Me On Social Media