What are you looking for?

Шерзат Полат ісі бойынша сотталғандар рақымшылыққа ілінуі мүмкін бе?

15.06.2025

«Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасы әзірленді.

Қазіргі таңда 63 түзеу мекемесінде және 16 тергеу изоляторында 40 мыңнан астам адам қамалған. Оның ішінде 33 мыңы сотталғандар, 7 мыңы – тергеу қамауында. Сонымен бірге 27 мыңнан астам адам пробация қызметінің есебінде тұр.

Рақымшылыққа ауыр емес және орташа ауыр қылмыс жасағандар ілінеді. Алдын ала есеп бойынша, рақымшылық актісі 6 000 сотталған және 9 000 пробациялық бақылаудағы адамды қамтиды. Жиыны 15 мың адам.

Енді Шерзат Полат ісі бойынша сотталғандар рақымшылыққа ілінуі мүмкін бе? — дегенге келсек, тағы сол депутат Абзал Құспан «Бұл адам өліміне әкеп соққан қылмыс болғандықтан оған рақымшылық актісі қолданылмайды» дейді. Ал әлгілердің арасындағы кәмелет жасына толмағаны қылмысты хабарламағаны үшін сотталған болатын. Бұл — 434 бап. Бұл бап рақымшылыққа жатады деді.

Жалпы заң жобасында ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін жаза мерзімін қысқарту мүмкіндігі бар. Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи бұл мәселені нақтылады.

А.Құспанның айтуынша, рақымшылық қолданылмайтын баптар көрсетілген заң жобасының 4-бабына сәйкес, сыбайлас жемқорлық сипатындағы барлық қылмыстарға рақымшылық қарастырылмайды. Қазіргі таңда бас бостандығынан айыру орындарында 624 адам сондай қылмысы үшін жазасын өтеп жатыр. Олардың ешқайсысына рақымшылық қолданылмайды, – деді Абзал Құспан Ермұрат Бапиға.

18-ге толмаған 75 бала түрмеде жазасын өтеп жатқанын айта кетейін.

Social Link

Follow Me On Social Media