What are you looking for?

Еліміздің барлық өңірінде туристік полиция бөлімдері құрылмақ

16.06.2025

Алдағы уақытта еліміздің барлық өңірінде туристік полиция бөлімдері пайда болады.

Бұл туралы еліміздің Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Биыл туристік полицейлер 5 мыңнан астам азаматқа көмек көрсетті. Олардың міндеті – шетелден келген меймандардың жайлығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Туристерге жол көрсетуден бастап құқықтық, тіпті экономикалық мәселелер алаңдататындары көп. Полиглот полицейлер кез келген тілде кез келген сұраққа мүдірмей жауап береді.

Қазір 12 өңірдегі 30-дан астам туристік нысанда туристік полиция қызмет көрсетеді. Биыл олардың көмегіне 5000-ға тарта турист жүгінген.

Тәртіп сақшылары шетелдік туристердің қауіпсіздігін де қамтамасыз етеді. Нысандарда бейнебақылау камералары мен дабыл түймелері орнатылған. Сондай-ақ туристік полиция қызметкерлері 2,5 мыңға жуық қоғамдық тәртіпті бұзу деректерін тіркеген.

Social Link

Follow Me On Social Media