What are you looking for?

"Қырғызстан, Мысыр, Сирия": Тағы 36 елдің азаматы АҚШ-қа кіре алмай қалуы мүмкін

16.06.2025

Ақ үй бұл мемлекеттерге 2 ай уақыт берді.

АҚШ әкімшілігі елге кіруге толық немесе ішінара тыйым салынатын мемлекеттер тізімін кеңейту мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

Бұл жолы қара тізімге Ақ үйдің алаңдаушылығын тудырып отырған 36 ел кіруі мүмкін. Вашингон аталған елдерге тиісті мәселелерді шешуге 60 күн уақыт берді.

Мемлекеттік департаменттің құжатында кейбір елдердің азаматтары АҚШ-та лаңкестік әрекеттерге қатысқаны немесе антисемиттік әрі антиамерикалық әрекеттер жасағаны туралы айтылған. Тағы бір елдер АҚШ-тың талабы бойынша өз азаматтарын кері қайтаруға көмектеспеген немесе жеке басын растайтын сенімді құжаттарды беру үшін қажетті үкіметтік ынтымақтастық орнатпаған көрінеді. Бұдан басқа Вашингтон кейбір елдердің төлқұжаттары қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейді деп есептеп отыр.

Тізімге енген 36 елдің қатарында Ангола, Бенин, Мысыр, Буркина-Фасо, Қырғызстан, Сирия, Эфиопия және т.б. мемлекеттер бар.

Бұл елдердің азаматтарына екі айдан кейін АҚШ-қа кіруге тыйым салынуы мүмкін.

Social Link

Follow Me On Social Media