What are you looking for?

Түркістан облысында құс фабрикасы салынады

16.06.2025

Жобаның құны – 2,5 млрд теңге.

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"2025 жылы Сауран ауданына қарасты Шаға ауылдық округінде ет бағытындағы заманауи құс фабрикасы – "Eco-Chiken" ЖШС жұмысын бастайды. Құны 2,5 млрд теңге болатын жаңа инвестициялық жоба 280 мың құсты ұстауға есептелген және өңірдегі агроөнеркәсіптік кешендегі ірі нысандардың біріне айналмақ", – делінген баспасөз хабарламасында.

Кәсіпорын іске қосылған соң, аймақтың сұранысын қамтып, басқа қалаларға сапалы құс етін жеткізіп отырады.

Аталмыш жоба Сауран ауданын дамыту жөніндегі кешенді бағдарлама аясында жүзеге асырылады. Бұдан бөлек ауданда 13 ірі жоба жүзеге асырылып, оған 16,4 млрд теңге жұмсалады.

Social Link

Follow Me On Social Media