What are you looking for?

Алматы облысында мемлекеттік мекемелердің жұмыс уақыты өзгерді

16.06.2025

Алматы облысы әкімдігі тұрғындарға үндеу жасап, мемлекеттік мекемелерде жұмыс уақыты өзгеретінін мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ әкімдіктің Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, енді мемлекеттік мекеменің жұмыс уақыты таңғы сағат 08:00-де басталып, кешкі сағат 17:30-да аяқталады. Ал түскі үзіліс – сағат 12:30-14:00 аралығында.

Еске сала кетейік, биыл 13 наурызда Шығыс Қазақстан облысы түгелдей жаңа жұмыс кестесіне көшкенін хабарлағанбыз. Өңірдің мемлекеттік және әлеуметтік мекемелері таңғы 08:00-ден кешкі 17:30-ға дейін жұмыс істейді. Ал түскі үзіліс 12:00-13:30 аралығында.

21 сәуірден бастап Ақтөбе облысында мемлекеттік қызметшілер жұмыс уақытының жаңа режиміне көшті. Мұнда облыс әкімінің аппараты, облыстық басқармалар, сондай-ақ Ақтөбе қаласының әкімдігі 08:30-дан 17:30-ға дейін жұмыс істейді, түскі үзіліс 12:30-дан 13:30-ға дейін.

Social Link

Follow Me On Social Media