What are you looking for?

Алматы облысы жаңа жұмыс уақытына көшті

16.06.2025

16 маусымнан бастап Алматы облысының мемлекеттік мекемелері жаңа жұмыс кестесіне көшті.

Енді аудан мен облыстық басқармалардағы мемлекеттік мекемелер жұмысын таңғы 8-де бастап, 17:30-да аяқтайды. Түскі үзіліс 12:30 бен 14:00 арасы.

Өзгерістер келесі мемлекеттік органдарға қатысты:

  • Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Қарасай, Кеген, Райымбек, Талғар, Ұйғыр аудандарының, сондай-ақ Қонаев және Алатау қалаларының әкімдіктері;
  • Ауыл шаруашылығы, ветеринария, денсаулық сақтау, білім, экономика, туризм, спорт, құрылыс, ТКШ, энергетика, цифрлық технологиялар және басқа да салалар бойынша 27 басқарма.

Сондай-ақ тізімге ішкі саясат, мәдениет, сәулет, жұмыспен қамту, қаржы, тіл саясаты және төтенше жағдайлар басқармалары да кіреді.

Social Link

Follow Me On Social Media