What are you looking for?

Шымкенттегі стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы нысандары мемлекет меншігіне қайтарылды

16.06.2025

Су шаруашылығы нысандары жеке меншікте екені анықталды.

Шымкенттегі стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы нысандары сот арқылы мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды жоғары аудиторлық палата.

Палата өткен жылдың желтоқсан айында жүргізген аудит барысында Шымкенттің стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы нысандары жеке меншікте екені анықталды.

Бұл Су кодексі талаптарын бұзады.

"Осыған байланысты үкіметке аталған объектілерді заңнама нормаларына сай мемлекет меншігіне қайтару бойынша шаралар қабылдау ұсынылды. Нәтижесінде Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты қала әкімінің талап арызын қанағаттандырды", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: Шымкентте ашуға булыққан тұрғын таксидің тас-талқанын шығарды


Жеке меншік ЖШС мен Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті арасында жасалған сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылды.

Social Link

Follow Me On Social Media