What are you looking for?

Саммит кезіндегі қауіпсіздік: құтқарушылар су айдындарындағы патрульдеуді күшейтті

17.06.2025

ТЖМ су жағасында қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Астана қаласы ТЖД құтқарушылары 16-19 маусым аралығында елордада өтіп жатқан "Қытай – Орталық Азия" екінші саммиті кезінде күшейтілген қызмет атқару нұсқасына өтіп, су қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді.

Құтқарушылар судағы қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалап, демалушылармен алдын алу әңгімелерін жүргізіп, адамдар көп жиналатын және шомылуға рұқсат етілмеген жерлерге ерекше назар аударуда.

ТЖМ су жағасында қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады:

  • Рұқсат етілмеген жерлерде шомылмаңыздар;
  • Мас күйінде суға түспеңіздер;
  • Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар;
  • Қайықтар мен катерлерде құтқару кеудешесін киіңіздер.

Social Link

Follow Me On Social Media