What are you looking for?

Садыр Жапаров пен Сердар Бердімұхамедов Астанаға келді

17.06.2025

Қырғызстан мен Түркіменстан президенттері Садыр Жапаров пен Сердар Бердімұхамедов Қазақстанға бүгін , 2025 жылдың 17 маусымында келді.Бұл туралы Қазақстан Республикасы үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қырғызстан президентінің ұшағы елорда әуежайына қонды. Садыр Жапаров "Орталық Азия-Қытай" саммитіне қатысады.

Ағымдағы жылдың 4 айының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы 25,2 пайызға өсіп, 435,1 миллион долларды құрады.

Сондай-ақ Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов "Орталық Азия – Қытай" саммитіне қатысу үшін Астанаға келді.

2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы тауар айналымы 555,7 миллион долларды құрады.

Президенттерді елорда әуежайында Премьер-Министр Олжас Бектенов күтіп алды.

2025 жылғы 16 маусымда Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға сапармен келді. Оны Астана әуежайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты түрде қарсы алды. Кейін келіссөздер жүргізіліп, нәтижесінде 24 үкіметаралық және ведомствоаралық құжатқа қол қойылды.

Social Link

Follow Me On Social Media