Олардан алимент пен мемлекеттік баж да өндіріп алынды.
Абай облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ата-ана құқығынан айыру және шектеу туралы азаматтық істер қаралды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқушыны соққыға жыққан 6 ата-ананың үшеуі комиссия шешіміне байланысты шағым түсірген. Қалған ата-аналарға қатысты сот отырыстары өткізілді.
"Кәмелетке толмаған қыздың анасын ата-ана құқығынан айыру туралы талап арыз қанағаттандырылды. Басқа бір баланың анасын ата-ана құқығынан айыру туралы талап ішінара қанағаттандырылды. Ал әкесіне қатысты оны ата-ана құқығынан айырудан бас тарта отырып, тәрбиелеуге ұзақ уақыт бойы қатыспауы және алкогольді зиянды түрде тұтынуы ескеріліп, ата-ана құқығы шектелді", – делінген ақпаратта.
Жасөспірімдердің ата-аналарынан алимент пен мемлекеттік баж өндіріп алынды. Қыз балалар қамқоршылық және қорғаншылық органдарының қарауында.
"Үшінші іс бойынша талапкер өкілі мен жауапкер тарап – кәмелетке толмаған баланың ата-анасының экстерриториялық соттылықты қолдану туралы өтініштері негізінде істі басқа облысқа жолдау туралы шешім қабылданды", – деп хабарлады Абай облыстық соты.