2025 жылғы футболдан клубтық әлем чемпионатының топтық кезеңінің бірінші турындағы матч аяқталды. Онда Бразилиялық "Фламенго" мен Тунистің "Эсперансы" кездескен. Матч АҚШ-тың Филадельфия штатындағы "Линкольн Файнэншл Филд" стадионында өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жеңіске жеткен "Фламенго" сапынан Хиорхьян де Арраскаэта мен Луис Араужо гол соқты. Луис Араужо бір нәтижелі пас та берді. Сондай-ақ командаға жаңадан қосылған, бұрын "Арсенал" клубында ойнаған Жоржиньо да бір голдық пас берді.
Осылйша, бразилиялық клуб 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Flamengo (@flamengo)
Келесі матчта "Эсперанс" 21 маусымда "Лос-Анджелеспен" ойнайды, ал "Фламенго" 20 маусымда "Челсиді" қабылдайды.
Айта кетейік, әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңдерінің қорытындысы бойынша Қазақстан үздік үштікке енді.