Былтыр пилоттық режимде 10 облысқа енгізілген жоба бүкіл республика бойынша кеңейтілмек.
Денсаулық сақтау министрлігі 2024-2030 жылдарға арналған инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясында елдегі медициналық мекемелердің цифрлық картасын әзірлеуге кірісті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жоба Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қарасты Цифрлық үкіметті қолдау орталығымен бірлесе іске асырылады. Цифрлық карта биыл еліміздің барлық өңірін қамтиды.
Жалпы алғанда 34 ірі жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Олардың қатарында: ұлттық ғылыми орталықтар, перинаталдық және көп бейінді ауруханалар, университеттік клиникалар бар.