What are you looking for?

Израильден 40 мыңға жуық турист шыға алмай отыр

17.06.2025

Елде әуе кеңістігі жабылған.

Израиль мен Иран арасындағы қақтығысқа байланысты ондаған мың шетелдік турист Израильден кете алмай отыр. Бұл туралы Анадолы агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Haaretz израильдік басылымының хабарлауынша, әуе кеңістігі жабылғаннан кейін елден кеткісі келген адамдар Кипрдің оңтүстігіне қарай яхтамен жетуге тырысқан. Олардың арасында шетелдік туристермен қатар израильдіктер де бар.

Тель-Авив маңындағы Герцлия теңіз портында көптеген адам теңіз арқылы эвакуациялануға ниетті.

Бүгінде 40 мыңға жуық шетелдік турист әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Израильден шыға алмай отыр. Кейбірі Кипрге теңіз арқылы жетіп үлгергенімен, мұндай сапарлар өте қымбат тұрады.

Шағын кеме иелері 10 адамнан аспайтын топтарды ғана тасымалдап жатыр.

Әлеуметтік желілерде эвакуациялану туралы мәселе жиі талқыға түскен.

Haaretz газетінің мәліметіне сәйкес, Израильдің Иранға жасаған шабуылынан кейін 100 мыңнан 200 мыңға жуық израильдік шетелде қалып, отанына орала алмай отыр.

Social Link

Follow Me On Social Media