Ал мына кадрлар әлеуеметтік желіде тарады. Бас қаланың шет жағында, тұрғындар масадан осылай қорғанып жүргендерін айтады. Қала әкімдігі маса, шыбын-шіркей сынды змянкестерді улау 23-ші сәуірден бері жүріп жатқанын айтты. Осы мақсатта қазір қала аумағында 10 бригада яғни 100-ден астам жұмысшы жұмылдырылған. Зиянкестермен күресуге Ресей, Қытай елінен алынған препараттар қолданылады. Бұл дәрілердің қала тұрғындарына залалы жоқ деп отыр. Сондай-ақ улау жұмыстары түнгі уақыттарда жүргізіледі. «Масаны азайту – басты мақсат. Ал оларды біржола жойып жіберу – табиғатқа да зиян», – дейді сала мамандары.
Азат Тұрапбаев, қалалық ветеринария және фитосанитария бөлімінің басшысы:
Жалпы негізінде бізде 3 турдан тұрады қорғану. Бірінші бізде ғылыми топ бар мен айтқандай. Ғылыми топ осы аумақты бірінші зерттейді: қай жерге, қанша, не керектігін барлығын анықтайды. Одан кейін бірінші олар масалар бізде тек қана сулы жерлерде дамиды ғой. Сондықтан бірінші суды өңдеу іске асырылады. Одан кейін барып қаланың жалпы аумағында жұмыс атқарылады.
Ақниет Балтанова