Отандық музыкант "Акимыч" лақап атымен танылған Айдос Нұрмұхамедов пен Bimo ретінде белгілі Бейімбет Еділ "ҚызықTimes" бағдарламасына қонақ болып, өмірі туралы бұған дейін еш жерде айтпаған мәліметтерді бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Айдос пен Бейімбетті бүгінгі күнде тыңдармандары "Ұмыттың ба", "Хаттарым", "Сүйе тұра" әндері арқылы жақсы біледі. Ал қос әншінің Тұрармен айтқан фиті жуырда Youtube желісінде 40 миллионнан астам қаралым жинаған. Әндері көпшіліктің көңілінен шығып, жастардың жүрегін жаулаған жас әнші мұндай жетістікке жету үшін көптеген қиындықты басынан кешіргенін жеткізді. Олар әндерін үй жағдайында, ешқандай кәсіби аппараттарсыз жаза бастағанын және бастапқыда қарызға жаздырғанын мойындады. Айдос Нұрмұхамедов өзінің кәсіби музыкалық білімі жоқ екенін және мамандыңы аспаз екенін жеткізді.
"Менің Akimich лақап атым есімім, тегім әкемнің атынан құралған. Аты-жөнім — Айдос Ким Нұрмахамедович негізі. Акимич деп осы аты-жөнімнің қысқартылған нұсқасы. Анам — кәріс қызы, әкем — қазақ. Туған кезде анам тегін берген. Тез жатталып қалады деп осы лақап атты таңдадым", — деді музыкант.