What are you looking for?

Ақмола облысында ауыр қылмыс азайды

18.06.2025

Тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы заң күшейгелі Ақмола облысында ауыр қылмыстардың саны азайды. Биыл 5 айда тек 5 қылмыстық іс тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 72 %-ға аз.

Отбасының берекесін қашырғандар бұрынғыдай әкімшілік емес, қылмыстық жауапкершілікпен жазаланады. Жаңа заңнамаға сәйкес әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілді. Жалпы өңірде сабау және денсаулыққа жеңіл зиян келтіру деректері бойынша 80 қылмыстық іс тіркелген. Ал Көкшетаудағы дағдарыс орталығында бүгінде күйеуінен жәбір көрген 14 әйел орналастырылған. Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес саласында жыл басынан жаңа бөлім қызметін бастағалы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыс күшейтілді.

Динара Мұғжанова, жергілікті полиция басқармасының отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің бастығы:

Адам өлтіру 50% азайды, денсаулыққа ауыр зиян келтіру 71%, орташа ауырлықтағы зиян келтіру 77 % қысқарды. Сонымен қатар ресми өтініштер түспей-ақ, зорлық-зомбылықты болдырмау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бибінұр Әмірханқызы

Social Link

Follow Me On Social Media