Кейбір адамдар шашын күнде жуғанды жөн көреді. Дерматолог Шилпи Кхетарпал Infobae-ге берген сұхбатында бұл әдет қаншалық пайда екенін айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маманның пікірінше, шашты тек мына екі жағдайда күнде жуған дұрыс: егер адамның терісі майлы болса немесе шашы жұқа болса. Ол құрғақ, бұйра шашты адамдарды бірнеше күнде бір рет жууға шақырды.
Дәрігер спортпен айналысу және ластанған ортада өмір сүру сияқты факторлар шашты жиі жууға себеп болуы мүмкін екенін айтты.
Қорытындылай келе, сарапшы шашыңызды өте сирек жусаңыз, қышып, дерматит және қайызғақ пайда болып, шашыңыз сынғыш болып, түсе бастайтынын ескертті.
Еске салайық, бұған дейін мамандар жастардың шашы неге ерте ағарып жатқанын айтты.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз