Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Starlink спутниктік интернеті қазақстандықтарға қашан қолжетімді болатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Жаслан Мәдиев спутниктік интернетті де, талшықты-оптикалық байланыс желілерін де дамыту керегін атап өтті.
"Starlink бүкіл ел аумағында толық форматта жұмыс істейді және оны кез келген азамат 2025 жылдың үшінші тоқсанында пайдалана алады", — деді ол.
Министр қазір компания бағаларды нақтылап, құрылыс салу бойынша техникалық мәселелерді, қай жерде орналасатынын анықтап жатыр.
"Осылайша үшінші тоқсанда спутниктік интернет қолжетімді болады. Бірақ бұл оптикалық интернетпен салыстырғанда сәл қымбатырақ болады, сондықтан азаматтар өзі таңдай алады", — дейді министр.