What are you looking for?

Онлайн тойдан табыс тапқан Сәкен Майғазиев қанша салық төлейді?

18.06.2025

ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев әнші Сәкен Майғазиевтің ұлының тойына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

БАҚ өкілдері министрден «Сәкен Майғазиевтің ұлының тойы тікелей трансляцияда көрсетілді. Мұндай жағдайда салықтық міндеттемелер туындайтыны белгілі. Дәл осы кейс бойынша салық төлеу қалай реттеледі? Қанша салық төлеуі тиіс?» деп сұрады.

«2025 жыл аяқталған соң, 2026 жылдың 31 наурызына дейін декларация тапсыруы қажет. 2025 жылы алынған кірістері бойынша салық төленеді. Ол кісінің 2025 жылы нақты қанша табатынын білмеймін», – деді ведомство басшысы.

Social Link

Follow Me On Social Media